«182 елдің арасында 74 орынға ие»: Елімізде жұмыссыздық деңгейі Африка елдерінен де жоғары болып шықты

2024 жылдың төртінші тоқсанында Қазақстанда жұмыссыздар саны 448,2 мың адам болды. Мұны 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға көп. Бұл туралы sadaq.kz Finprom басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Жұмыссыздардың 211,1 мыңы ер адам, 237,1 мың әйел. Олардың ең көп саны Алматы қаласында тіркелді: 51,9 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 0,4%-ға көп. Ал екінші және үшінші орында Түркістан (40,9 мың адам) және Алматы (35,5 мың адам) облыстары.
Жұмыссыздар саны аз өңірлер, Ұлытау (4,2 мың адам), Солтүстік Қазақстан (13,1 мың адам) және Абай (14,5 мың адам) облыстары.
Фото: Finprom
Жұмыссыздықтың себебі қызмет таба алмау. 2024 жылы көрсеткіш 112,6 мың қазақстандықты қамтыды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 37,9%-ға көп.
Екінші орында, өз өтініші бойынша жұмыстан босатылған (104,8 мың адам) адамдар. Үшінші орында, отбасы жағдайына байланысты жұмысқа (61,5 мың адам) шықпау.
Жұмыссыздықтың басқа себептеріне ұйымның таратылуы немесе банкротқа ұшырауы, қызметкерлердің қысқаруы (50,3 мың адам), үй шаруашылығы (44,2 мың адам), денсаулығының бұзылуы (17,6 мың адам), еңбек шарты мерзімінің аяқталуы (17,3 мың адам), оқуды бітіргеннен кейін жұмыстың болмауы (16,6 мың адам), жұмыстың маусымдық сипаты (10,3 мың адам) кіреді.
Фото: Finprom
Жұмыссыздар арасында бір айдан аз уақыт жұмыс іздегендер де болды. 2024 жылдың төртінші тоқсанының соңында 125,6 мың адам – бір жыл бұрынғыдан 11,5%-ға көп.
1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеп жүргендер біршама аз. Көрсеткіші – 124,4 мың адам. Тағы 109,4 мың адам 3 айдан 6 айға дейін жұмыс іздеп сенделгендер.
53,7 мың адам бір жылдан асса да жұмыс іздеп жүр. Бұл 2023 жылдың төртінші тоқсанымен салыстырғанда 7,3%-ға көп.
Жұмыс немесе кәсіп ашуға келісімі бар жұмыссыздар саны бір жыл бұрынғы 1,2 мың адаммен салыстырғанда 120 адамға дейін қысқарған. Қазақстанда өткен жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайыз болған. Ол ерлер арасында 4,2 пайыз, әйелдер арасында 5,1 пайыз.
Фото: Finprom
Қалаларда жұмыссыздық деңгейі бірдей – 4,6%. Ал ауылдық жерлерде ол сәл жоғары, яғни 4,7%.
Trading Economics рейтингі бойынша жұмыссыздық деңгейінде (4,6%) Қазақстан 182 елдің арасында 74 орынға ие болды. Ең төменгі жұмыссыздық деңгейі Беларусьте (0,1%), Катарда (0,1%), Камбоджада (0,2%), Нигерде (0,5%) және Бурундиде (0,9%) тіркелді.
Фото: Finprom
Ең жоғары көрсеткіштер Оңтүстік Африкада (32,1%), Анголада (30,8%) және Палестинада (30,7%) байқалды.
ТМД елдерінің ішінде Қазақстан тізімнің ортасында. Төмен жұмыссыздық деңгейі Қырғызстанда (1,9%), Ресейде (2,3%), Молдовада (3,6%) және Түркіменстанда (4,2%) тіркелді.
Әзербайжан (5,6%), Өзбекстан (6,8%), Тәжікстан (6,9%) және Украина (10,5%) үшін көрсеткіштер жоғары.
Сіздің реакцияңыз қандай?






