Нұрсұлтан Назарбаев кітап жазып жатыр – Бейбіт Сапаралы
Жазушы Бейбіт Сапаралы әлеуметтік желіде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев жуырда туған жеріне барып, туыстарымен кездескенін жазды, деп хабарлайды sadaqmedia.
«Бізге жеткен сенімді ақпарат дерегі бойынша 2023 жылы қыркүйек айының басында Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға жеке жұмыстарымен келіп, бірнеше кездесулер өткізіп, артынша туған ауылын, ата-бабалар қорымын зиярат еткен екен. Шамалған, Үшқоңырдағы қара шаңырақ үйіне етжақын туыстарын жинап, көптен бері көріспеген іні-қарындас, келіндерімен бір дастархан басында сұхбат құрып, қордаланып қалған ішкі әулеттік мәселелер бойынша ашық пікір алмасқан. Ескертпе мен өкпе-реніштерін де жасырмаған. Басқосу соңында Әбіш әкелері бір ғасырдай уақыт бұрында аулаға өз қолымен еккен, қазіргі таңда есік алдында жайқалып өсіп тұрған зәулім емен ағашының жанында тұрып Нұрағаңның (Нұрсұлтан Назарбаев - агенттік) мақұлдауымен барлығы естелікке суретке түскен",- деді ол.
Айта кетейік, бүгін әлеуметтік желіде экс-президенттің отбасымен түскен суреті тарап жатыр. Сондай-ақ автор бұл жазбасында Нұрсұлтан Назарбаевтың кітап жазып жатқанын хабарлады.
«Нұрсұлтан Әбішұлы соңғы бірнеше жыл ішінде ғұмырнамалық қомақты кітап жазу үстінде екендігінен хабарымыз бар",-дейді автор.
Естеріңізге сала кетейәк, Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаев күні кеше ауыр халде Алматының орталық ауруханасына түскені белгілі болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?