«25 жыл бойы тіссіз жүрген»: Адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті

Видео кейіпкері Әйгерім - 6 баланың анасы.

Қаңтар 5, 2025 - 09:23
 0  826
«25 жыл бойы тіссіз жүрген»: Адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті
фото: әлеуметтік желіден

3 жылдан кейін адам танымастай өзгерген әйел желідегілерді тәнті етті, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Видео mamacita.kz әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Видео кейіпкері Әйгерім - 6 баланың анасы. Ол 25 жыл бойы тіссіз жүрген.

"12 жастан бері тісім жоқ. Бауырларым футбол ойнап жатқанда кірпішпен тісіме тиіп кетті", - дейді ол.

Әйел мектепте де тіссіз жүріп, тіпті күйеуге шыққанда да қымсынбаған.

"Тіссіз жүріп, 4 баламды дүниеге әкелдім. Қасым болса екен деп армандаймын. 35 жылдан кейін қасым көрінсе екен деймін", - деді әйел.

Желі қолданушылары әйелдің өзгерісіне тәнті болып, пікір қалдырған.

"Әр әйел бақытты болуға лайық", "Әйелдің бәрі әдемі дегеннің тағы бір көрінісі. Ақша мен мүмкіндік болса, бәрін жасауға болады", - деп жазған олар.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0