Павлодар облысында сегіз айлық бала аштан өлді деген ақпарат пайда болды

Қараша 23, 2023 - 12:25
 0  216
Павлодар облысында сегіз айлық бала аштан өлді деген ақпарат пайда болды
Сурет ашық дереккөзден алынды

Павлодар облысы Шідерті ауылында сегіз айлық нәрестенің өлімі бойынша зерттеу жүріп жатыр, деп хабарлайды sadaqmedia

Оқиға туралы ең алдымен еріктілер ақпарат таратқан. Бала 17 қараша күні тұрмысы төмен отбасыда көз жұмған.  

«Көршілерінің айтуынша, бала аштан өлген. Отбасындағы басқа балалар да аш деген дерек бар. Халқым, үнсіз қалмаңыздар», - деп жазған «VITA»  еріктілер ұйымы өз парақшасына. 

Аймақиық денсаулық сақтау басқармасы баланың өлімін растады. Қайғылы оқиғаның себебі арнайы гистологиялық зерттеудің қорытындысынан кейін белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 1
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0