4 адам көз жұмды: Алматы облысында қайғылы жағдай болды

Соққы салдарынан Ford көлігі өртеніп кеткен.

Ақпан 27, 2025 - 09:11
 0  39
4 адам көз жұмды: Алматы облысында қайғылы жағдай болды
Фото: istockphoto.com

«Алматы-Астана» автожолының 56 шақырымында 4 адамның өмірін қиған жол-көлік оқиғасы болды, деп хабарлайды kazinform.

Алматы облысы Полиция департаментінің мәліметінше, BMW-728 көлігінің жүргізушісі қарама-қарсы қозғалыс жолағына шығып, Ford Mondeo автокөлігімен соқтығысқан. Соққы салдарынан Ford көлігі өртеніп кеткен.

«Оқиға орнында Ford көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы, сондай-ақ BMW-нің бір жолаушысы қаза тапты. BMW жүргізушісі түрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Оның нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады полиция өкілдері.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0