402 млн теңге, 52 көлік, 17 келі алтын: «Nazira Gold» қаржы пирамидасы иесінің дүние-мүлкі тәркіленді (ВИДЕО)
Пирамиданы құрған 9 адам ауыр жаза арқалады
Осыдан бірнеше күн бұрын Шымкент соттары «Nazira Gold» қаржы пирамидасының негізін қалаған әйел мен оның сыбайластары сотталғанын хабарлаған болатын. Бүгін Қаржы мониторинг агенттігі сотталғандардан тәркіленген мүліктердің тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы пирамидасын құрған Назира есімді әйел мен оның сыбайластарынан:
- 402 млн теңге ақша;
- 52 көлік;
- жеке тұрғын үй;
- 2 пәтер;
- 17 келі алтын мемлекет пайдасына тәркіленген екен.
«Өзін зергерлік бұйымдарды сатумен айналысатын компания ретінде таныстырған күдіктілер салымшыларға ай сайын салынған қаржының 20-40% көлемінде табыс уәде еткен. Алайда төлемдер нақты табыстан емес, жаңа салымшылардың есебінен беріліп отырған. Соның салдарынан 4 мыңнан астам азамат пирамидаға ақша салған», - деп хабарлайды ҚМА.
Сот осы іс бойынша 9 адамды 5 жылдан 10 жылға дейін соттады.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Сіздің реакцияңыз қандай?