Ақордада ауыс-түйіс: Тоқаев бірнеше лауазым иесін қызметінен кетірді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірнеше өкімге қол қойып, ауыс-түйіс жасады, деп жазады sadaq.kz.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Тамара Босымбекқызы Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды.
Бұдан бөлек Қанат Бисимбайұлы Шарлапаев Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі лауазымынан, Ернар Жеңісұлы Баспаев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі лауазымынан босатылды.
Сондай-ақ мемлекет басшысының өкімімен Бақытжан Шаймұхаметұлы Сапиев Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі болып тағайындалса, Әлихан Қайыргелдіұлы Жамсатов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі лауазымына ие болды.
Сіздің реакцияңыз қандай?