«Ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өседі» – Энергетика министрі

Қаңтар 28, 2025 - 14:58
«Ақпан айынан бастап бензин, дизель, сұйытылған газ бағасы өседі» – Энергетика министрі
Фото: Paryz.kz

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкіметтің кеңейтілген отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында жанармай бағасы келешекте қалай реттелетінін айтты.

 - Мұнай өнімдерінің бағасының өсуі туралы айтсақ, бұған дейін Президент жанындағы кеңес шешім қабылдап қойды. Жанар-жағармай ғана емес, сұйытылған мұнай газының бағасын да кезең-кезеңмен өсіру туралы шешім бар. Сондай-ақ, тауарлық газ бойынша да бағаның өсуімен байланысты белгілі бір межелер бар.  Мұндағы басты ұстаным бағаны бақылаудың нормативтік және әкімшілік шараларды Үкіметтің қолында қалдыруға бағытталған. Яғни, аталған әлеуметтік маңызы бар тауарлар бағасының күрт өсуі болмайды, - деді ол.

Министр жанар-жағармай мен сұйытылған газдың бағасын ақпан айынан бастап өсіруді жоспарлап отырғандарын мәлім етті. 

Тауарлық газдың бағасы биылғы жазға қарай біртіндеп өседі деп отырмыз, - деді ведомство басшысы. 

Сондай-ақ Алмасадам Сәтқалиев сұйытылған газдың бағасы 98 теңгеден ары қымбаттамайды деген мәлімет келтірді.

- Былтыр баға диапазонын 54-55 теңге болса, 59-90 теңге арасында болады. Ол енді өңірлерге байланысты. Ең жоғарғы диапазон өңірлерде 64 теңгеден 98 теңгеге дейін болады деп отырмыз, - деді Энергетика министрі. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow