АҚШ Иранмен болған соғыс шығындарын араб елдерінің төлегенін қалайды
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Левитт АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранмен соғыс шығындарын араб елдері қаржыландыруға мүдделі екенін мәлімдеді, деп хабарлайды. Sadaq.kz. Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Кэролайн Левиттің айтуынша, АҚШ президенті араб елдерін соғыс шығындарын төлеуге шақыруы мүмкін. Левитт бұл мәселе бойынша Трамптың өзі кейінірек толығырақ пікір білдіруі мүмкін екенін айтты.
Ол бұл туралы баспасөз конференциясында журналистердің араб елдері қаржылай көмек көрсетуге дайын ба деген сұрағына жауап беру кезінде айтты.
"Президенттің араб елдерін бұл мәселеге тартуға қызығушылық танытуы мүмкін. Нақтысын қазір айта алмаймын. Бірақ оның мұндай ойы бар. Сондықтан бұл туралы әлі де еститін боласыздар", – деді Левитт.
Ақ үй өкілі сондай-ақ Иранмен келіссөздер жалғасып жатқанын және сәтті жүріп жатқанын мәлімдеді. Оның айтуынша, Тегеранның ашық мәлімдемелері мен АҚШ өкілдеріне жабық түрде айтатын сөздерінің арасында айырмашылық бар.
Жария мәлімдемелер мен түрлі ақпараттарға қарамастан, келіссөздер жалғасып жатыр және жақсы жүріп жатыр. Ашық айтылған сөздер мен бізге жеке жеткізілетін ақпарат арасында айтарлықтай айырмашылық бар", – деді ол.
Сондай-ақ, оның айтуынша, Иранның АҚШ-қа жабық форматта жеткізген барлық мәлімдемелері тексеріледі. Вашингтон Тегеранның берген уәделерін орындауын қадағалайды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0