АҚШ-тың айтқанын қабылдамаған Иран өзінің бес шартын қойды

Наурыз 26, 2026 - 10:29
chat_bubble  0 visibility  0
АҚШ-тың айтқанын қабылдамаған Иран өзінің бес шартын қойды
Фото: lbcgroup.tv

Иран АҚШ-пен қақтығысты тоқтату тек Тегеран ұсынған талаптар негізінде ғана мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sadaq.kz.

РИА Новости дерегінше, Иран билігі қарсы тараптың ұсынысын қабылдамай, бітімге келудің нақты шарттарын жариялаған. Тегеран ұстанымы бойынша, келіссөздер тек осы талаптардың барлығы орындалған жағдайда ғана басталмақ.

Иран алға тартқан негізгі талаптардың бірі – қарсы тараптың «агрессиясы мен адам өлтіру әрекеттерін» толық тоқтату. Сонымен қатар, ресми Тегеран ел аумағында соғыстың қайта тұтануына жол бермейтін нақты әрі тиімді тетіктердің құрылуын талап етеді.

Бұдан бөлек, Иран әскери шығындар үшін өтемақы мен репарациялардың толық әрі нақты төленуіне кепілдік беруді міндетті шарт ретінде қарастырады. Сондай-ақ, аймақтағы барлық майдандарда және оған қатысқан қарулы топтар үшін соғыстың толық тоқтауы талап етіледі.

Тегеран үшін маңызды талаптардың тағы бірі – Ормуз бұғазы үстіндегі егемен құқықты халықаралық деңгейде мойындату және оған нақты кепілдік алу.

Иран тарапы келіссөздер осы шарттар толық қабылданғанға дейін басталмайтынын кесіп айтты. Сонымен бірге, ресми тұлғалар қорғаныс сипатындағы әскери операциялар талаптар орындалғанға дейін жалғасатынын жеткізді.

Осылайша, Тегеран Вашингтонға соғыстың аяқталу мерзімін біржақты белгілеуге мүмкіндік бермейтінін де ашық аңғартты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0