Ақтауда Каспий жағасынан әйел адамның денесі табылды

Қаңтар 30, 2026 - 11:32
 0  21
Ақтауда Каспий жағасынан әйел адамның денесі табылды

Ақтау қаласында Каспий маңынан белгісіз әйелдің мәйіті табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Жергілікті Lada.kz сайтының дерегі бойынша, куәгерлер 4-ші шағын аудандағы қайық пандусының маңайында белгісіз әйел адамның мәйіті жатқанын байқап, хабар берген. 

Марқұмның суға батып кеткендігі туралы ақпаратты Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті растады.

4А шағын ауданындағы (ел арасында «Тарасик» деген атпен белгілі) теңізге адам болғаны туралы хабарлама 29 қаңтарда сағат 18:10-да кезекші құтқарушыға келіп түскен.

"Жедел құтқару тобының сүңгуірлері мәйітті судан шығарған сәтте марқұм толықтай  киініп алған күйде болды. Қазіргі кезде жағдайдың мән-жайы тексерілуде", – деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық Төтенше жағдайлар департаменті.

Құтқарушылар алдын-ала болжам бойынша әйелдің өз-өзіне қол жұмсауы мүмкін деген болжамға келіп отыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0