Ақтөбеде 2 теміржолшы жансақтау бөліміне түсті
46 жастағы жұмысшының денесінің 80 пайызы күйіп, тыныс алу жолдары, беті, қолы мен денесіне зақым келген. Қазір ол ауыр халде жатыр. Оның 23 жастағы әріптесі де қолы, аяғы мен денесінен күйік алған. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.
Оқиға жұмысшылар жанармайды бөшкеден басқа ыдыстарға құйып жатқанда болған. Кенеттен тұтанған бензин жалынға айналады, деп жазады Sadaq.kz.
Ақтөбе облысында қозғалтқыш бөлшектерін бензинмен жуу кезінде өрт шығып, теміржолдың екі қызметкері зардап шекті.
46 жастағы жұмысшының денесінің 80 пайызы күйіп, тыныс алу жолдары, беті, қолы мен денесіне зақым келген. Қазір ол ауыр халде жатыр. Оның 23 жастағы әріптесі де қолы, аяғы мен денесінен күйік алған. Дәрігерлер оның жағдайын бақылауда ұстап отыр.
Жәбірленушінің қызы Алмагүл Қасымованың айтуынша, қазір әкесінің жағдайы ауыр.
– Тыныс алу жолдары да зақымданған. Қазіргі уақытта әкемнің жағдайы өте ауыр. Біз бұл оқиғаның жай ғана ұмытылып кеткенін қаламаймыз. Оқиғаның барлық мән-жайы жан-жақты, әділ әрі ашық тексеріліп, жауапты тұлғалардың әрекетіне заң аясында баға берілуін талап етеміз, – деп жазды Алмагүл Қасымова.
Еңбек инспекциясының мәліметінше, оқиғаның мән-жайын анықтау үшін арнайы комиссия құрылған. Қазір өрттің шығу себебі мен оған жауапты тұлғалар анықталып жатыр.
Сонымен қатар ҚТЖ баспасөз қызметі де болған оқиғаны растады және тексеру жұмыстары басталғанын мәлімдеді.