Ақтөбеде футбол көруге келген жанкүйердің бетіне доп тиіп, жарақат алды
Ақтөбеде өткен футбол матчында жанкүйер әйел жарақат алды. Алаңдағы доп ұшып келіп келіншектің бетіне тиген, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы almaty.tv арнасы мәлімдеді.
Аянай Елтоқова жолдасымен бірге «Ақтөбе» мен «Алтай» футбол клубтары арасындағы матчты тамашалауға барған.
Ойын барысында футболшылардың бірі тепкен доп жоғары жылдамдықпен ұшып келіп, көрермендер қатарында отырған Аянайдың бетіне тиген.
«Доп келіп тигенде бірден бетім қанап, өзім сол сәтте не болғанын түсінбей қалдым. Басымды төмен түсірдім, содан кейін не болғанын білмеймін. Ауруханада бірден жатып ем алу қажет екенін айтты. Нәтижесінде жабық бас-ми жарақаты және ауыр дәрежедегі ми шайқалуы деген диагноз қойылды», – дейді Аянай Елтоқова.
Айтуынша, жарақаттан кейін оны ұйқысыздық пен бас ауруы мазалай бастаған. Ол бұл жағдайды стадиондағы қауіпсіздік талаптарының жеткіліксіздігімен байланыстырады. Аянай Елтоқова клуб өкілдерінің оқиғадан кейін бірден хабарласып, жағдайын сұрамағанына наразы екенін айтты.
Ал «Ақтөбе» ФК өкілдері бұл жағдайға байланысты ресми кешірім сұрағанын мәлімдеді. Ол әлі күнге дейін басы қатты ауыратынын, ұйқысыздыққа душар болғанын және жалпы денсаулығының нашарлап кеткенін айтады. Алайда Аянайды қынжылтқаны – матч ұйымдастырушыларының немқұрайлық танытуы. Трибунадағы көрермендердің қауіпсіздігіне толықтай солар жауап беруі керек деп отыр.
Ал «Ақтөбе» ФК өкілдері бұл жағдайға байланысты ресми кешірім сұрағанын мәлімдеді.
«Футбол клубының тарихында мұндай жағдай алғаш рет болып отыр. Біз ресми түрде кешірім сұрадық, ертең кездесіп, оған және жұбайына бір жылдық абонемент пен «Ақтөбе» футбол клубының фирмалық футболкасын сыйлаймыз деп келістік. Алаң бойына қорғаныс торлары ешқашан қойылмайды. Халықаралық стандарттарға сәйкес, олар тек қақпаның артына ғана орнатылады», – дейді «Ақтөбе» футбол клубының медиа-офицері Әсет Жомарт.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0