Алакөлде жас жігіт көпшіліктің көз алдында ажал құшты (ВИДЕО)

Қайғылы оқиға Абай облысына қарасты Жарбұлақ ауылы жағындағы Алакөлде болған, деп хабарлайды sadaq.kz.
Ақпараттарға сүйенсек, паром маңында шомылып жүрген 17 жасар жігіт құтқару желетін кимей суға түскен. Біраз уақыттан кейін суға бата бастаған.
Оған көмекке құтқару желетін киген басқа бір азамат жүзіп барған. Алайда үрейге бой алдырған жігіт құтқарушыны да суға тартқан.
Бейресми мәліметтерге сүйенсек, жігіт паромнан біраз жерге дейін жүзіп барып, аяқ-қолдары тартылып қалған. Әрі қарай жүзуге шамасы болмаған.
Нәтижесінде жігіт су астынан шыға алмай, көптің көз алдында көз жұмды. Денесі су астына батып, көзден ғайып болған.
Марқұмның денесін сүңгуірлер судан алып шықты.
Полиция тергеуді бастады, катер иесіне қатысты іс қозғалды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Сіздің реакцияңыз қандай?






