Алланың қалауы: прокуратура діни басқарманың көп әйел алу туралы пәтуәсының күшін жойды

Желтоқсан 24, 2024 - 12:14
Алланың қалауы: прокуратура діни басқарманың көп әйел алу туралы пәтуәсының күшін жойды
Фото: РБК

Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі Ресей Бас прокуратурасының ұсынысы негізінде көп әйел алуға рұқсат беретін пәтуаның күшін жойды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Шамиль Аляутдиновтың айтуынша, пәтуа Бас прокуратураның оны жоюға шақырған мәлімдемесі мен ресейлік қоғамның реакциясынан кейін кері қайтарылған.

"Бұл - Алланың қалауы, сондықтан Ресей Мұсылмандарының Діни басқармасы ғұламалар кеңесі бұл мәселе бойынша пікірталасқа түсудің мәні жоқ деп санайды", - деді Аляутдинов.

Еске салайық, бұған дейін Ресейде төрт әйелге дейін алуға рұқсат берілгені хабарланған еді. Бұл туралы Ресей мұсылмандарының рухани басқармасы мәлімдеді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow