Алматы облысында мектеп оқушысы мұғалімді сабап тастады

Мамыр 12, 2026 - 13:54
 0  14
Алматы облысында  мектеп оқушысы мұғалімді сабап тастады
Фото: Видеодан скрин

Алматы облысы Шамалған ауылындағы мектептердің бірінде жоғары сынып оқушысы мұғалімді сабап тастаған, деп хабарлайды Sadaq.kz. Politico.kz-ке сілтеме жасап.

Желіде тараған видеодан мектеп дәлізінде мұғалім мен оқушының ерегесіп тұрғанын көруге болады. 
Кенеттен жасөспірім ұстазға шабуыл жасап, ұра бастаған.

Алматы облысы полиция департаменті оқиғаның мән-жайы туралы айтты.
Полицияның мәліметінше, кәмелетке толмаған оқушының ер адамға дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалған.


«Алдын ала мәліметтерге сәйкес, 16 қаңтар күні сағат 09:00 шамасында Шамалған ауылындағы орта мектептердің бірінде кәмелетке толмаған жасөспірім мен ер адам арасында жанжал туындап, оның барысында мұғалімге дене жарақаттары келтірілген. Қазіргі уақытта жасөспірім полицияға жеткізілді», - деп хабарлады полициядағылар.


Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Тергеу нәтижелері бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес шешім қабылданады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0