Алматыда мас адам баланы қағып өлтірген соң түк болмағандай сыра ішуге барған

Қаңтар 27, 2025 - 16:57
Алматыда мас адам баланы қағып өлтірген соң түк болмағандай сыра ішуге барған
Фото: istockphoto.com

Алматы қаласының сотында жантүршігерлік іс қаралды: жүргізуші куәлігі жоқ адам мас күйінде рульге отырып, 15 жастағы жасөспірімді қағып кеткен. Артынан түк болмағандай, достарымен бірге сыра ішіп, үйіне барған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Алматы соттарының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталушы 2020 жылы жеті жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған. Соған қарамастан, мас күйінде рульге отырып, жаяу адамдардың жолынан өтіп бара жатқан баланы қағып кеткен.

«Баланы қағып кеткенін көлігінің айнасынан көрген ол оқиға орнынан кетіп қалған. Кейін достарымен сыра ішіп, үйіне оралған. Ал бала болса ауыр жарақаттарынан тіл тартпай мерт болған», - деп хабарлайды сот.

Алматы қалалық қылмыстық істер жөніндегі сот істі абайсызда адам өлтіру бабымен және ауыр зардаптарға әкеп соққан жол-көлік оқиғасының орнынан кетіп қалғаны үшін 7 жылға соттаған.

Ол қаза тапқан баланың ата-анасына 14 млн теңге өтемақы төлеуі керек.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow