Алматыда жындыханадан екі адам қашып кетті

Волонтерлердің хабарлауынша, психикалық ауытқуы бар науқастар емдеу мекемесінен 31 мамыр күні қашып кеткен.
Олардың бірі — 32 жастағы Павел Лавров. Бойы 157 см, дене бітімі орташа, шашы қара, көзі қоңыр. Оң қолының білегінде тыртық іздері бар.
Екінші науқас —1992 жылы 16 қыркүйекте туған Денис Антипин. Бойы 180 см, дене бітімі орташа, шашы қою қоңыр. Ол да аталған мекемеден сол уақытта қашқан.
Алматы қалалық Полиция департаменті, аталған азаматтарға қатысты іздеу жарияланғанын мәлімдеді.
Қазақпарат
Сіздің реакцияңыз қандай?






