«АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қазақстан үкіметіне өтеді

Қазан 28, 2023 - 11:32
Қазан 30, 2023 - 10:40
 «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қазақстан үкіметіне өтеді

Премьер-министр Әлихан Смайылов Костенко шахтасындағы апаттың себептерін тергеу жөніндегі Үкіметтік комиссияны басқаратын болды, деп хабарлайды sadaqmedia.kz үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

“Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен Қарағанды облысында «АрселорМиттал Теміртау» АҚ-ның Костенко атындағы шахтасында орын алған апаттың себептерін тергеу және оның салдарын жою жөніндегі Үкіметтік комиссия құрылды”,-деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Комиссияның құрамына Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр, төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов, ішкі істер министрі Ержан Сәденов, денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова, өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев кірді.

“Сондай-ақ, Үкімет «АрселорМиттал Теміртау» АҚ акционерлерімен алдын ала уағдаластыққа қол жеткізгенін және кәсіпорынның меншік құқығын Қазақстан Республикасының пайдасына беру туралы келісімшартты рәсімдеу аяқталу үстінде екендігін хабарлаймыз”,-делінген Үкіметтің ақпаратында.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow