Экология министрлігі киіктерді аулауға рұқсат беретін мерзімді ұсынды 

Қазан 27, 2023 - 11:20
app_badging Қазан 28, 2023 - 10:26
chat_bubble  0 visibility  88
Экология министрлігі киіктерді аулауға рұқсат беретін мерзімді ұсынды 
Сурет ашық дереккөзден алынды

Ашық нормативтік-құқықтық актілер сайтында «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» бұйрықтың жобасы талқылауға шықты, деп хабарлайды sadaqmedia.kz.

Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы комитеті талқылауға шығарған жобада киіктерді атуға рұқсат беру мерзімі көрсетілген.

«Киікті сақтау бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгінгі күні олардың саны 1,9 млн басқа дейін жетті, олардың оңтайлы саны 770 мыңға дейін. Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қауымдастығы әзірлеген биологиялық негіздемеге сәйкес, жыныс құрамы мен мекендеу ортасына қарамастан, киікті аулау мерзімін 1 қазаннан 15 қарашаға дейін белгілеу ұсынылды», - деп жазылған талқылау жобасында.

Құжат 9 қарашаға дейін осы сайтта талқылауда тұрады. Азаматтар өздерінің электронды қолтаңбасы арқылы сайтта осы мәселеге қатысты пікір білдіре алады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0