«Тұмар» мен «Үркер» сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Биыл байқаудың 12 номинациясы бойынша 600-ден астам өтінім түсті. Сыйлыққа телевизия, баспасөз, радио және интернет журналистикасы саласындағы жұмыстар қабылданды.
Астанада Astana Media Week 2026 мерейтойлық медиа апталығы аясында «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Салтанатты іс-шараға еліміздің түкпір-түкпірінен отандық медиа саласының өкілдері, журналистер, редакторлар, тележүргізушілер мен шығармашылық ұжымдар қатысты.
Биыл байқаудың 12 номинациясы бойынша 600-ден астам өтінім түсті. Сыйлыққа телевизия, баспасөз, радио және интернет журналистикасы саласындағы жұмыстар қабылданды.
Осы жылы заманауи медиатехнологиялар мен журналистиканың жаңа форматтарын дамытуға айрықша назар аударылды. Алғаш рет «Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба» номинациясы енгізілді.
Жеңімпаздарды белгілі журналистер, медиа саласының өкілдері мен сала сарапшыларынан құралған тәуелсіз қазылар алқасы анықтады.
«Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтары 2017 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бастамасымен тағайындалған. «Тұмар» сыйлығы отандық телевизияны қолдауға және дамытуға бағытталса, «Үркер» баспасөз, радио және интернет журналистикасындағы жетістіктер үшін беріледі.
2026 жылғы «Тұмар» және «Үркер» ұлттық сыйлықтарының жеңімпаздары:
«Тұмар – 2026» ұлттық телевизиялық сыйлығы
- Үздік тележүргізуші – Вероника Вишневская, «Еуразия» бірінші арнасы;
- Үздік деректі жоба – 24KZ, «4739»;
- Үздік телевизиялық материал – Qazaqstan, «Қарқынды құрылыс»;
- Үздік әлеуметтік жоба – Jibek Joly, «Правда в деталях»;
- Үздік телехикая – Астана TV, «Ауыл бапкері»;
- Үздік ақпараттық-талдамалық бағдарлама – 7-арна, «Новости».
«Үркер – 2026» ұлттық сыйлығы
- Жылдың үздік журналисі – Жанар Сердалина;
- Үздік радиожоба – Қазақ радиосы, «Ойтұма» бағдарламасы;
- Журналистиканың болашағы: жасанды интеллект саласындағы үздік жоба – Altainews Media Centre, «AI-ЖАН»;
- Үздік медиажоба – Tengrinews, Tengri TV;
- Жылдың үздік материалы – Мирамгүл Рахатқызы, «Ақтөбе» газеті, «Жасанды интеллект: адамзат жаңа дәуірге аяқ басты»;
- Үздік талдамалық материал – Лаура Тусупбекова, «Казахстанская правда» газеті, «Моя ДНК – наше богатство».
Qazaqstan Media Awards – 2026 арнайы жүлделері
- Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені – 30 жыл;
- Информбюро – 30 жыл.