«Өткен өмірімді жария еткім келмейді»: Дариға Бадықова тосын жазба жариялады

Актриса Дариға Бадықова Олжас Абаймен шаңырақ көтергеннен кейін әлеуметтік желідегі парақшасында өткен өмірі мен болашаққа деген көзқарасы туралы жазба жариялады

Қазан 14, 2026 - 10:02
 0  3
«Өткен өмірімді жария еткім келмейді»: Дариға Бадықова тосын жазба жариялады
фото: видеодан скриншот

Актриса Дариға Бадықова өткен өмірін жария еткісі келмейтінін айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.

Оның айтуынша, ол өткеніне байланып қалмай, алға жылжуды таңдаған.

«Мен өткен өмірімді жария етпесем де, өткенім туралы ән айтпасам да, басымнан өткен тағдырымды киноға айналдырмасам да, өз тарихым бар! Мен өткеніммен өмір сүргім келмейді. Мен тек алға жылжуды таңдадым. Жақсы күндердің келетініне сендім. Бақыттың да, махаббаттың да, ғажайып сәттердің де маған бұйыратынына сендім», – деп жазды актриса.

Сондай-ақ Дариға Бадықова өміріне келген ерекше күннің құрметіне өзіне ән арналғанын айтты. Ол бұл туындыны жаралы жүректің зары емес, бақытқа сенген жүректің жеңісі деп сипаттады.

«Менің өткен өмірім жоқ. Менің тек бүгінім мен келешегім бар! Өйткені мен өткенімді әңгіме етуді емес, болашағымды әдемі етуді таңдаған әйелмін», – деп түйіндеді өнер иесі.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0