Астанада санитарлық талаптарға сай емес жасырын ет цехы анықталды (ВИДЕО)
Астанада заңсыз жұмыс істеген жерасты ет цехының өнімі қала базарларына таралғаны анықталды, деп хабарлайды Sadaq.kz. Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті мәлімдеді.
Тексеру барысында заңсыз цех Астана қаласындағы Аймауытов көшесі маңындағы жеке сектор аумағынан табылған. Кәсіп нысаны ешбір рұқсат құжатсыз жұмыс істеп, ет өнімдерін өрескел санитарлық талаптарды бұза отырып сақтаған әрі өңдеген. Кейін бұл өнімдер елордадағы сауда орындарына өткізілген.
Полицияның мәліметінше, тексеру кезінде 4 жылқының және 13 ірі қараның сойылған тушасы, ет қалдықтары, сондай-ақ союға және өңдеуге арналған жабдықтар тәркіленген. Заңсыз цехты ұйымдастырды деген күдікпен 64 және 55 жастағы екі ер адам ұсталды. Аталған дерек бойынша тексеру басталды.
Құқық қорғау органдары азаматтарға беймәлім сауда орындарынан және күмәнді сатушылардан ет өнімдерін сатып алу өмір мен денсаулыққа тікелей қауіп төндіруі мүмкін екенін ескертті. Кез келген заңсыз сауда фактілері бойынша полицияға хабар беруге шақырды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0