Астанадағы «7 Бочек» тұрғын үй кешені өртеніп жатыр

Астана қаласының Нұра ауданындағы Сығанақ көшесінде орналасқан «7 бөшке» (7 Бочек) тұрғын үй кешенінің сыртқы қаптамасы өртенді, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Оқиға орнын Полиция департаментінің қызметкерлері қоршап алды. Сондай-ақ тұрғындарды эвакуациялау жұмыстары жүргізілуде. Төтенше жағдайлар қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.
Осы уақытта ТЖМ өрт сөндірушілері Астана қаласының Нұра ауданындағы Сығанақ көшесінде орналасқан тұрғын үй сыртқы қаптамасының өртенуін сөндіруде. Оқиға орнында күштер мен құралдар жоғары дәрежеде жұмыс істеуде.Оқиғаның мән-жайы анықталуда. Суды үздіксіз беру ұйымдастырылды. Жеке құрамнан 45 адам және 13 бірлік техника жұмыс істеп жатыр. - делінген ТЖМ хабарламасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?






