Астанадағы LRT-ның вагондары Қытайда құрастырылып жатыр

Ақпан 27, 2025 - 16:17
Ақпан 27, 2025 - 16:18
Астанадағы LRT-ның вагондары Қытайда құрастырылып жатыр
Фото: City Transportation Systems

Қытайдың Таншань қаласындағы «CRRC Tangshan Co., Ltd» зауыты Астанадағы LRT пойызы үшін 19 вагонды құрастырып жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.

«City Transportation Systems» компаниясы вагондардың нобайын көрсетіп, оларды сипаттаған. Дереккөзге сүйенсек, бір вагонның ұзындығы 60 метр. Олардың есіктері автоматты түрде ашылып, автоматты түрде жабылады. Дереккөз таратып отырған суреттерге қарасақ, LRT вагондарының сырты көк түсті болады. Салоның іші сары түсті, орындықтары. Вагондағы орындықтар былғарыдан жасалады екен.

Астана қаласының климатын ескере келе, алдыңғы терезесі температураны реттейтін электрлі жылыту жүйесімен жабдықталған. Бұл кенеттен болатын температура өзгерістерінде әйнекті буландырмайды. Жазда кондиционер жұмыс істейді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow