«Олжеке, берегись! Окружаем!»: журналист әріптестерін GTA ойынын ойнауға шақырған премьер-министрді сынады

Президент те халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту жайлы үкіметке нақты тапсырмалар жүктеген. Алайда Олжас Бектенов ойын ойнағанды жақсы көретін болып шықты.

Қаңтар 22, 2025 - 10:10
Қаңтар 22, 2025 - 10:29
«Олжеке, берегись! Окружаем!»: журналист әріптестерін GTA ойынын ойнауға шақырған премьер-министрді сынады
Коллаж: Todayinfo.kz

Журналист Серік Әбікенұлы Facebook-тегі парақшасында Үкімет басшысы Олжас Бектеновтің әріптестерін бос уақытында IT-мамандар ойлап тапқан отандық ойынды ойнауға шақырғанына байланысты жазба жариялады. 

«Eлде қымбатшылық жайлап, теңге сәт сайын құнсызданып бара жатқанда үкімет басшысының министрлер кабинетін ойын ойнауға шақыруы қоғамда дау туғызды. Картоп бағасы тіптен шарықтап, азық-түліктің қымбаттауы да қазіргі басты проблемалардың бірі. Президент те халықтың тұрмыстық жағдайын жақсарту жайлы үкіметке нақты тапсырмалар жүктеген. Алайда Олжас Бектенов ойын ойнағанды жақсы көретін болып шықты», деп жазды Todayinfo тілшілері.

— Обходи с тыла! Ат! Атсаңшы!!!

Тра-таа-та, дыш-дыш!

— Қақа, қаш! Оңға қарай… Қаш! Рома, давай, обходи справа!

Стреляй! Стреляй! Быдыш-быдыш! Тарс-тұрс!

Руслан, Ержан, Алмаса-а-адам! Окружаем! Огонь! Алға!!! Дыш-дұш, пах-пух!

— Олжеке! Берегись!

- Тфу елкини, опять попали?! 

Бүгін тағы жеңіліп қалдық. Ну ничего, завтра продолжим, коллеги, — деп жазды Серік Әбікенұлы.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow