Атбасарда 58 жастағы әйел өз үйінен қансыраған күйде табылды
Ақмола облысының Атбасар қаласында 58 жастағы әйел бірнеше жерінен пышақ жарақатын алып, өз үйінен қансырап жатқан жерінен табылды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Атбасардағы үйлердің бірінде болған. Полиция қызметкерлері үйге кіру үшін есікті бұзуға мәжбүр болған.
58 жастағы әйел ес-түссіз күйде табылған. Әлеуметтік желілерде тараған ақпаратқа сәйкес, оның іш тұсына бірнеше жерден пышақ жарақаты салынған. Оқиғаға жәбірленушінің көршісі қатысы болуы мүмкін деген болжам бар. Оқиғадан кейін ол үйдің есігін сыртынан жауып, оқиға орнынан кетіп қалған.
Ақмола облысы Полиция департаментінің хабарлауынша, аталған факті бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру туралы баппен қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деп хабарлады ведомство.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0