Атырау облысында шенеунік өзін-өзі атып өлтірді
 
                                    Атырау облысында шенеунік өзін-өзі атып өлтірді, деп хабарлайды sadaq.kz.
Атырау облысының Құрманғазы ауданында жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімінің 36 жастағы басшысы Имашев Қуаныш Мұсаұлы өзіне қол салды.
Алдын ала мәліметтерге сүйенсек, ер адам отбасылық жанжалдан кейін аңшы мылтығымен өз-өзіне оқ атқан.
Атырау облыстық полиция департаменті ақпартты растап, "өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.
“Құрманғазы ауданында болған суицид фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін кешенді тергеу әрекеттері жүргізілуде”, – делінген полиция хабарламасында.
Атырау облысы әкімдігі болған оқиғаны полиция тергеп жатқанын айтып, пікір білдіруден бас тартты.
Сіздің реакцияңыз қандай?
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
                    
                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                                                                                                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                            