Атырау вокзалындағы жөндеу: жұмысшы 5 метр биіктіктен құлады

Оқыс оқиға 15 қазанда болған. Жұмысшы құрылыс құрылғысынан құлап кеткен. Жанында болған тағы бір жұмысшы жеңіл-желпі жарақаттанған. Дәрігерлер ер адамды тексергеннен кейін үйіне қайтарған.

Қазан 16, 2026 - 11:43
 0  1
Атырау вокзалындағы жөндеу: жұмысшы 5 метр биіктіктен құлады
Фото: freepic

Қазір 42 жастағы ер адам облыстық ауруханада ем алып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, ол басынан жарақат алып, нейрохирургия бөліміне жатқызылған, деп хабарлайды Sadaq.kz сайты "Ақ Жайық" басылымына сілтеме жасап.

Оқыс оқиға 15 қазанда болған. Жұмысшы құрылыс құрылғысынан құлап кеткен. Жанында болған тағы бір жұмысшы жеңіл-желпі жарақаттанған. Дәрігерлер ер адамды тексергеннен кейін үйіне қайтарған.

Көліктегі полиция департаменті еңбекті қорғау ережелерін бұзу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазір оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етуге жатпайды", – деп хабарлады ведомстводан.

Вокзалды қайта жаңарту жұмыстарын "Батыс Альянс Строй" ЖШС жүргізіп жатыр. Шілде айында-ақ "ҚТЖ" басшылығы нысанды тексеру кезінде еңбекті қорғау және өндірістік қауіпсіздік талаптарының бұзылғанын анықтап, мердігер ұйымдарға тиісті бақылаудың жоқтығын көрсеткен болатын. Ол кезде кемшіліктерді жою тапсырылды. Жоспар бойынша нысандағы жөндеу жұмыстары қазан айында толығымен аяқталуы тиіс.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0