Атырауда 3 жасар қыз анасының мәйіті жанында бір жарым тәулік жалғыз болған

Тамыз 3, 2026 - 17:18
chat_bubble  0 visibility  1
Атырауда 3 жасар қыз анасының мәйіті жанында бір жарым тәулік жалғыз болған
Фото: istockphoto.com

Атырауда ер адам өзімен бірге тұратын әйелді пышақтап өлтірді деген күдікке ілінді, деп хабарлайды sadaq.kz.

22 шілдеде болған қайғылы оқиға туралы әлеуметтік желіде жазылды. Марқұмның туыстарының айтуынша, қылмыс 3 жасар қыздың көз алдында болған.

Бүлдіршін анасының мәйітінің жанында 1,5 тәулік жалғыз болған. Араға төрт күн салып күдікті ұсталды. 

"Тұрмыстық жанжал кезінде әйелді өлтірді деген күдікпен онымен бірген тұрған 38 жастағы ер адам ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Осы факті бойынша "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды", - дейді Атырау облысының полиция департаменті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0