Айдос Үкібай Назарбаевтың Путинмен не себепті кездескенін айтты

Маусым 2, 2025 - 12:05
Айдос Үкібай Назарбаевтың Путинмен не себепті кездескенін айтты

Қазақстанның экс-президентінің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Нұрсұлтан Назарбаевтың Мәскеуге сапары бейресми және жеке сипатта болғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Айдос Үкібайдың айтуынша, бұл сапар Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға байланысты.

“Бұл сапар Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға шақырумен байланысты. Бірақ Назарбаев ресми мерекелік шараларға қатыса алмай, кейінірек Ресей астанасына барды", – деді ол.

Баспасөз хатшысының айтуынша, Назарбаев пен Владимир Путиннің арасында мемлекеттік өкілеттіктерге қарамастан ұзақ жылдар бойы сақталған достық қарым-қатынас бар. Бұрынғы президент тек Ресей басшысымен емес, Түркия, Қытай, БАӘ, Өзбекстан, Беларусь және басқа да елдердің өкілдерімен телефон арқылы сөйлесіп, хат алмаып, жеке кездесулер өткізеді.

Баспасөз хатшысының мәлімдемесінде лауазымды қызмет атқармайтын саяси қайраткерлермен мұндай жеке байланыстар халықаралық тәжірибеге сай екені айтылады.

"Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен күні Ресей президенті Жапонияның марқұм премьер-министрі Синдзо Абэнің жесірі Акиэ Абэмен де жеке кездесу өткізді", – деп жазды ол.

Баспасөз хатшысы Назарбаевтың елден кетуі туралы қауесетті де жоққа шығарды.

“Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстандатұрып жатыр. Оның елден кетуі туралы ақпарат шындыққа жанаспайды", – дейді ол. 

Айта кетейік, бұған дейін 29 мамырда баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей президенті Владимир Путин сол кезде Мәскеуде болған Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесу өткізгенін хабарлаған еді. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow