Айыппұлды ерте төлегенде берілетін 50 пайыз жеңілдік алынып тасталуы мүмкін

Ақпан 13, 2025 - 15:13
Айыппұлды ерте төлегенде берілетін 50 пайыз жеңілдік алынып тасталуы мүмкін

Депутаттар кейбір жүргізушілер үшін жол қозғалысы ережесін бұзатын айыппұлдар бойынша 50 пайыздық жеңілдікті алып тастауды ұсынды, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Сенаттың жалпы отырысында депутат Марат Қожаев премьер-министр Олжас Бектеновқа жол қозғалысы ережелерін бұзушыларға қатысты жазаны күшейту туралы сауал жолдады. Ол өз жолдауында жүргізушілердің жауапкершілігін күшейту мәселесін көтерген.

"2024 жылы Алматыда 4,2 миллионнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайы тіркелген. Бұзушылықтардың негізгі бөлігі (3,7 миллионнан астамы) автоматтандырылған техникалық құралдар арқылы анықталған. Алматыда көлік құралының бір жүргізушісі бір жылда үш миллион теңгеден астам сома айыппұл төлеп, 143 бұзушылық жасаған жағдай тіркелген", - дейді Марат Қожаев.

Сондай-ақ ол 10 және одан да көп ереже бұзған бар жүргізушілерді Жол жүрісі қағидалары бойынша теориялық емтиханды қайта тапсыруға жіберуді міндетттеу керектігін айтады.

"Жүргізуші куәлігінен уақытша айыруға дейін камералармен тіркелген жол қозғалысы ережесін қайталап бұзғаны үшін жауапкершілікті күшейту қажет. Заң талабын бұзушыларға белгілі бір кезеңдегі тәртіп бұзу санын ескеретін сараланған жаза тетігін әзірлеу және ережені жүйелі түрде бұзушыларға айыппұл төлеуде 50% жеңілдікті алып тастау маңызды,- дейді сенатор.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow