БАҚ: Ормуз бұғазын жабуға жауапты ирандық қолбасшы қаза тапты

Наурыз 26, 2026 - 16:45
chat_bubble  0 visibility  1
БАҚ: Ормуз бұғазын жабуға жауапты ирандық қолбасшы қаза тапты
Фото: Getty Images

Әуе соққысының салдарынан Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (ИРСК) әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы қаза тапты, деп хабарлайды The Times of Israel басылымына сілтеме жасаған nur.kz.

Басылымның израильдік шенеунікке сілтеме жасап жазуынша, бүгін, 26 наурызда ИРСК әскери-теңіз күштерінің қолбасшысы Әлиреза Тангсири қаза тапқан. Ол Иранның оңтүстігіндегі Бандар-Аббас портты қаласындағы әскери-теңіз базасына жасалған шабуыл салдарынан мерт болған.

Жарияланымда соққыны Израиль жасағаны айтылған. Израиль мен Иран билігі бұл ақпаратты әлі растаған жоқ.

Израиль шенеунігінің мәліметінше, Әлиреза Тангсири әлемдегі мұнай қорының айтарлықтай бөлігі өтетін әлемдегі ең маңызды теңіз жолдарының бірі – Ормуз бұғазын жабуға жауапты болған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0