«Бақытгүл Хаменова тойға баруға рұқсат алған» - Бас прокуратура
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиев Бақытгүл Хаменованың Атыраудағы тойға баруы пробация қызметімен келісілгенін айтты, - деп хабарлайды sadaq.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қойгелдиевтің айтуынша, егер сотталған адамға қатысты жазасын өтеуді кейінге қалдыру қолданылса, оған той сияқты шараларға баруға тыйым салынбайды.
"Бақытгүл Хаменоваға қатысты айтар болсақ, оған үш жылға жазаны өтеуді кейінге қалдыру қолданылған. Мұндай жағдайда іс-шараларға қатысуға тыйым салынбайды. Ол пробация қызметінен рұқсат алған", – деді Бас прокурордың орынбасары Сенат кулуарында.
Сіздің реакцияңыз қандай?