Бала туу мен күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері өзгерді

Қаңтар 22, 2025 - 10:48
 0  168
Бала туу мен күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшері өзгерді

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 2025 жылы бала туу мен күтіміне төленетін жәрдемақы мөлшерін жариялады.

Бала тууға арналған біржолғы жәрдемақы мөлшері:

Бірінші, екінші және үшінші балаға: 38 АЕК немесе 149 416 теңге.
Төртінші және одан да көп балаға: 63 АЕК немесе 247 716 теңге.
Бала күтіміне төленетін ай сайынғы жәрдемақы (1,5 жасқа дейін)

Бірінші балаға: 5,76 АЕК немесе 22 648 теңге.
Екінші балаға: 6,81 АЕК немесе 26 777 теңге.
Үшінші балаға: 7,85 АЕК немесе 30 866 теңге.
Төртінші және одан да көп балаға: 8,90 АЕК немесе 34 995 теңге.
Өткен жылы 504,4 мың адам бала туу мен күтіміне байланысты жәрдемақы мен төлемдер алған. Төленген жалпы сома 895,3 млрд теңгені құрады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0