«Бандиттер жауапты қызметке тағайындалып жатыр»: белгілі заңгер Шымкенттегі былықтың бетін ашты

Наурыз 6, 2025 - 15:07
Наурыз 6, 2025 - 15:11
«Бандиттер жауапты қызметке тағайындалып жатыр»: белгілі заңгер Шымкенттегі былықтың бетін ашты

Заңгер әрі қоғам белсендісі Айгүл Орынбек Шымкент қаласына қатысты тағы бір былықтың бетін ашып, жазба жариялады, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Заңгердің айтуынша, өңірдегі кадрлық тағайындаулар кезінде заңсыздықтар болып жатыр. Әсіресе, білім және дін және ішкі саясат басқармаларында былық көп. Керек болса, бандиттерден бастап, туған жылын ауыстырып, мемлекеттік қызмет тестінен өтпей қалғандар жауапты қызметке тағайындалып жатқанға ұқсайды.

«Шымкент қаласының Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа басшысының назарына! Ең бірінші Шымкент қаласының дін істері басқарма басшысын ауыстыруды сұраймын! Шымкенттің идеологиясын қатырмаған адам, діни басқармасын қатырады деп ойламаймын! Химиядан сабақ берген ағай, діни басқарманы қалай басқарып отыр?! Біз қай мазхабты ұстанатынымызды біле ме екен?", - дейді заңгер.

Сондай-ақ ол Шымкент қаласында бандиттерден бастап, мемлекеттік қызмет тестінен өтпей қалғандар да жауапты қызметке тағайындалғанын айтады.

«Үш жыл бойы жеке діни мектеп мұрындарының астында жұмыс істеп келген. Соны ішкі саясат, дін істер басқарма басшылары неге білмеген?Бұл дегеніміз яғни әр маман өз саласымен жұмыс жасап жатқан жоқ!

Шымкентте кадрлық тағайындауларға араласа бермейтін едім.  Бірақ білім және дін және ішкі саясат басқармалары ойнайтын жер емес. Арнайы кадрлық тексеру жүргізуіңізді сұраймын!
Әйтпесе бандиттерден бастап, туған жылын ауыстырып, мемлекеттік қызмет тестінен өтпей қалғандар жауапты қызметке тағайындалып кеткен. Дұрыс тағайындалмаған кадр қаланың құлдырауына әкеліп соғады!» , - дeп жaзғaн өзiнiң facebook пaрaқшaсындa.

 

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow