«Бәрі бар адам»: Баянның тұңғыш қызы Тұрсын Алагөзовке ереке сый жасады

Қыркүйек 17, 2026 - 16:52
chat_bubble  0 visibility  20
«Бәрі бар адам»: Баянның тұңғыш қызы Тұрсын Алагөзовке ереке сый жасады
Фото: видеодан скрин

Баян Алагөзованың қызы Айсәуле Бақытбек өгей әкесі Тұрсынғали Алагөзовке туған күніне ерекше сыйлық жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Айсәуле әлеуметтік желідегі парақшасында сыйлығын көрсетіп, Тұрсынғали Алагөзовті туған күнімен құттықтады.

«Бәрі бар адамға не сыйлауға болады? Туған күніңмен!» — деп жазды ол.

Жарияланған видеодан ақ түсті, салоны қызыл былғарымен қапталған көлікті көруге болады. Сыртқы келбетіне қарағанда, автокөлік 1980 жылдары шығарылған толық өлшемді америкалық Cadillac Brougham көлігіне ұқсайды.

АҚШ-та мұндай көліктердің бағасы шамамен 10 мың доллардан басталады. Ал автокөлікті Қазақстанға жеткізу мен кедендік рәсімдеу шығындарын қосқанда, оның жалпы құны бұдан да жоғары болуы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0