«Бәрінің видеосы бар»: Танымал блогер бірқатар әншілердің сырын ашты

Маусым 14, 2026 - 12:41
chat_bubble  0 visibility  3
«Бәрінің видеосы бар»: Танымал блогер бірқатар әншілердің сырын ашты

Әлеуметтік желісінде Жузефина есімімен танылған блогер Жұлдыз Жауынбаева тікелей эфир барысында өнер саласындағы бірнеше белгілі тұлғаға қатысты пікір білдіріп, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Блогердің айтуынша, ол әнші әрі «МузАрт» тобының мүшесі Мейрамбек Беспаевпен бірнеше рет бірге уақыт өткізген. Сонымен қатар Қайрат Нұртастың інісі Заңғармен Таиландта бірге болғанын да жеткізді.

Эфир кезінде Жауынбаева өзінде түрлі бейнежазбалар сақталғанын айтып, қажет болған жағдайда оларды көпшілікке жариялай алатынын мәлімдеді.

«Барып сұраңдар. Менде бәрінің видеолары бар. Заңғар да, Мейрамбек Беспаев та өздері айтып берсін. Бұдан басқа да жайттарды жариялаймын. Маған қарсы адам жалдап жатыр деген ақпарат жетті. Егер маған бірдеңе болса, кімнен көру керегін білесіңдер», – деді блогер.

Желі қолданушыларының ерекше назарын аударған жайттардың бірі – эфир барысында блогердің шар үрлеп, белгісіз бір затты пайдаланғаны кадрға түскен.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0