«Барлығы қорқады»: Жәнібек Әлімханұлы өзін орта салмақтың патшасы деп атады
WBO, IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы (16-0, 11 КО) Х желісіндегі ресми парақшасында қарсыластарына қатысты батыл үндеу жасады, деп хабарлайды sadaq.kz.
Жәнібек Әлімханұлы Х желісіндегі ресми парақшасында бала кездегі суретін жариялап, өзін үшінші жақтан сипаттап берді.
«Оған төрт чемпиондық белбеу керек, оның екеуі бар, енді тағы екеуін алу қажет. Қазір ол орта салмақтағы ең қауіпті қарсылас, барлығы одан қашады, барлығы одан қорқады. Сіздер оны білесіздер, ол – орта салмақтың патшасы Жәнібек», — деп жазды Жәнібек Әлімханұлы.
Естеріңізге сала кетейік, Жәнібек Әлімханұлы соңғы жекпе-жегін 4 қазанда Аустралияның Сидней қаласында өткізген болатын. Ол бұл кездесуде Жаңа Зеландия боксшысы Андрей Михайловичті (21-1, 13 КО) тоғызыншы раундта нокаутқа түсірді.
Сіздің реакцияңыз қандай?