«Басымнан балғамен ұрды»: Шымкентте 17 жастағы бала автобус жүргізушісін аяусыз сабаған

Шымкентте бірнеше жігіт автобус жүргізушісін аяусыз соққыға жыққан, деп хабарлайды sadaq.kz сайты Almaty.tv-ге сілтеме жасап.
Ауыр соққыдан есінен танып қалған жүргізушіге аялдамада тұрған адамдар көмектесіп, жедел жәрдем шақырған. Ең сорақысы, мұндай қатігездікке барғандар арасында кәмелетке толмаған жасөспірім де бар.
№ 52 автобусты тізгіндейтін жүргізуші Мақсат Жолаев бір адамның ақы төлемегенін айтып, ескерту жасаған. Алайда азамат бұл сөзге ашуланып, 34 жастағы жүргізушіні балағаттап, автобустан сыртқа шығуын талап еткен. Мақсат көліктен түскен бетте, оған үш адам жабыла кетіпті.
«Басымнан балғамен ұрды. Біреуі қолындағы кастетпен жағымнан ұрады. Жағым жыртылып кетіп, талып қалдым. Не болғанын білмеймін. Олар мені рөлде отырғанымда ұрмақшы болған. Үшеуі жазалансын», – деді жәбірленуші Мақсат Жолаев
Ауыр соққыдан есінен танып қалған жүргізушіге аялдамада тұрған адамдар көмектесіп, жедел жәрдем шақырған. Науқастың жағдайы қиын болғаны сонша, дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызған.
«Түскен кезде бас жарақаты болған. Дәрігермен қабылдау бөлімінде алғашқы көмек көрсетіліп, кейін жедел түрде стационарлық көмек қажет болғандықтан, нейрохирургия бөліміне жатқызылды. Қазір ем алуда. Жағдайы орташа дәрежелі ауырлықта», – деді бас дәрігердің орынбасары Ерлан Құрбанходжаев.
Бүгінде бұл жайт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ретінде 17 жастағы бала ғана қамауға алынған. Ал төбелеске қатысы бар өзге азаматтар оқиға орнынан қашып кеткен.
Сіздің реакцияңыз қандай?






