«Басын кесіп тастаған»: Меркіде қайтыс болған әйелдің әпкесі мәлімдеме жасады

Тамыз 18, 2026 - 16:38
 0  85
«Басын кесіп тастаған»: Меркіде қайтыс болған әйелдің әпкесі мәлімдеме жасады
Фото: Видеодан скрин

Жамбыл облысы Меркі ауданында болған қайғылы оқиғаға қатысты жаңа дерек белгілі болды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Марқұм Мадина Рашидқызының Өзбекстаннан арнайы келген әпкесі оқиғаға қатысты өз нұсқасын айтып, сұхбат берді. Оның сөзінше, сіңлісінің өліміне байланысты бірқатар жайтқа күмәні бар. Ол марқұмның бұған дейін де зорлық-зомбылық көргенін айтып отыр.

“Қазір мен жуындырып шықтым. Басын кесіп тастаған. Оны басын жарып өлтірген, бізге әділдік керек. Енесі екеуі қосылып ылғи ұрады екен. Онысымен қоймай өзіне қол жұмсады деп өтірік видеоға түсірген. Аяғы көрінбейді, астында тұрғаны шелекке де ұқсамайды. Менің сіңілімді өлтіріп тастап отыр”, – деді ол.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0