Батыс Қазақстанда 5 баласынан айырылған отбасыға баспана беріледі

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Сырым ауданында 5 баласынан айырылған отбасыға жан жақты қолдау көрсетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Нариман Төреғалиев Сырым ауданында қаза тапқан балалардың ата-анасы мен жақындарына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
«Менің тапсырмам бойынша оқиға орнына орынбасарым барды, аудан әкімі оқиға орнында, барлық қажетті қызметтердің жұмысын үйлестіріп жатыр», - деп жазды әкім әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша әкімдік тарапынан барлық қажетті көмек көрсетіледі: жерлеу рәсімін ұйымдастыру, психологиялық көмек көрсету, баспанамен қамтамасыз ету, өзге де әлеуметтік қолдау шаралары.
Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД мамандары, полиция департаментінің қызметкерлері, медицина қызметкерлері және басқа да тиісті қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.
«Жағдай менің жіті бақылауымда», - деп түйіндеді Нариман Төреғалиев.
Сіздің реакцияңыз қандай?






