Байден Трамптың саясатын сынға алды

Сәуір 16, 2025 - 22:34
 0  47
Байден Трамптың саясатын сынға алды


АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байден жоғары лауазымынан кеткеннен кейін алғаш рет ашық мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Malim.kz.

Ақ үйдің экс-басшысы Дональд Трамп әкімшілігінің саясатын қатаң сынға алды. Байденнің сөзін тікелей эфирде америкалық ABC телеарнасы көрсетті.

«100 күнге жетпейтін уақыт ішінде бұл әкімшілік соншалықты көп зиян келтіріп, бүлдіргені — таңғаларлық. Мұндай өзгерістер осыншалықты тез орын алуы мүмкін екені шын мәнінде сұмдық», – деді Байден Чикагода мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау конференциясында.

«Біз ешқашан дәл қазіргідей бөлінген емеспіз», – деп қосты ол.

82 жастағы саясаткер дауысын зорға шығарып, кейде кідіріп сөйледі.

AFP агенттігінің жазуынша, экс-президенттің кейде «жасына байланысты белгілері» қатты байқалады, бұл оның сайлауалды науқаннан бас тартуына түрткі болған.

Агенттік Байденнің экспромт әзілдерді айтуда қиындық көргенін, әрі жиі «қалай десем екен...» деген сөз-паразитке сүйенгенін атап өтті.

Экс-президент Трамптың атын атамай, оны «ана жігіт» деп қана сипаттаған.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0