Белгілі актриса Шолпан Елгезекованың өліміне себепкер болған қылмыскер қалайша босандықта жүр?
Актриса Шолпан Елгезекова, оның құрбысы Динара және такси жүргізушісі қаза болып, ақын Бақыт Беделханның жары Айзада Сатыбалдиева ауыр жараланған еді.

Кезінде белгілі актриса Шолпан Елгезекова және тағы екі адамның өліміне себепкер болған Ильяс Кар бостандықта жүр. Бұл туралы журналист Ришат Асқарбекұлы хабарлады. Журналистің айтуынша, бірнеше адамның өліміне себепкер болған ол әлі түрмеде отыруы тиіс болған.
"Ауыр қылмыс үшін сотталған адам Esentai Mall-да қыдырып жүр
Алматыда 2018 жылы жаңа жыл қарсаңында жантүршігерлік жол-көлік апаты орын алып, одан үш адам оқиға орнында мерт болды. Актриса Шолпан Елгезекова, оның құрбысы Динара және такси жүргізушісі қаза болды. Ал тағы бір жолаушы, актриса, ақын Бақыт Беделханның жары Айзада Сатыбалдиева ауыр жараланды.
Абай даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында бағдаршамның қызыл түсіне өтіп кеткен Gelandewagen жүргізушісі жол ережесін бұзып қана қоймай, көлікті мас күйінде басқарған. Сол түні жараланғандарға көмек көрсетпей, оқиға орнынан қашып кеткен. Ол көп ұзамай 10 жылға сотталды.
Сол қылмыскер деп танылған Ильяс Кардың жақында Алматыдағы элиталы сауда ойын-сауық кешенінде қыдырып жүргені белгілі болды. Оны марқұм Шолпан Елгезекованың туыстары танып қойған. Ауыр қылмыс болғандықтан, ол әлі 4 жыл жазасын өтеуі тиіс еді. КУИС пен құзырлы органдар Ильяс Кардың УДО-ға, түрмеден мерзімінен бұрын шығуға екі рет өтініш бергенін, бірақ сот оны босатпағанын мәлімдеп отыр. Бұл қалай болды?", - деп жазған ол өзінің facebook парақшасында.
Сіздің реакцияңыз қандай?






