«Бес баланы шырылдатып балалар үйіне алып кеткен»: Атырауда жоғалған отбасыға қатысты жаңа дерек шықты
Атырау облысындағы жоғалған отбасыға қатысты тағы бір ақпарат тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы сол аймақтағы мәселені зерттеп жүрген журналист Жанат Молдашова желідегі парақшасында жариялады.
Оның айтуынша, Ақбаян Мұқанғалиева мен Сұлтан Сәрсемалиевтің балалары жетімдері үйіне өткен.
«Күдіктінің ата-анасындағы бес баланы бүгін шырылдатып балалар үйіне алып кетіпті. Ертең ресми ақпарат сұраймын. "Әзірге ата-әжесінде болады, жақын туысы сол кісілер" деген еді құзырлы органдар», – деп жазды журналист.
Бірі бұл шешімнің дұрыс екенін айтса, бірі балалар ата-әжесінің қасында қалғаны дұрыс дейді.
«Иә әке-шешесі жоқ, өз үйлерінен алып кеткендері дұрыс болмапты», «Балаларға обал екен», «Ата-ананың кінәсіне балалар жауапты емес», «Заң жүзінде өте дұрыс», «Балапандарды бір-бірінен айырмасын», «Бұның да өз себебі бар шығар, әліптің артын бағайық», – деп жазды желі қолданушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0