«Беташар исламда жоқ, қырқын, жетісін беру де көнеден қалған» – Санжар Керімбай (ВИДЕО)

Желтоқсан 10, 2025 - 13:08
 0  3
«Беташар исламда жоқ, қырқын, жетісін беру де көнеден қалған» – Санжар Керімбай (ВИДЕО)
Фото: видеодан кадр

Қоғам қайраткері Санжар Керімбай қазақтың салт-дәстүрлері мен ислам туралы ой қозғады. Бұл туралы ол Qazaq.Airan жобасында мәлімдеді, деп хабарлайды sadaq.kz.

"Қазақтарда беташар болған, бұл исламда жоқ. Бұл таза түркілік дәстүр. Ол сақ дәуірінен келе жатқан салт-дәстүр. Оны алып қалады. Оны сокрализация жасап, киелендіреді.

Ең бірінші Хауа ата мен ана пайда болған, сәлем салу содан бері қалған деп таратып жібереді. Бұның да өз киесі бар, бұл Адам атадан қалған деген пікір туғызып жібереді.

Мысалы, жетісін, қырқын беру қалды, әлі күнге дейін адамдар жетісін, қырқын береді. Жылдық асын беру, келе жатыр ғой, әлі күнге дейін өлген жоқ. Азан шақырып ат қою бұрыннан бар. Мысалы, тұсаукесер. Құйрық-бауыр діннен келді деп ойламаймын. Ол көне сақ-ғұн дәуірінен келе жатқан дәстүр меніңше", - деді Санжар Керімбай.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0