«Бірнеше ауыр диагноз қойылды»: Сара Назарбаеваның нақты немен ауырғаны белгілі болды

Ақпан 11, 2026 - 16:27
 0  179
«Бірнеше ауыр диагноз қойылды»: Сара Назарбаеваның нақты немен ауырғаны белгілі болды
Фото: "Не хабар" телеграм арнасы

Айдос Үкібай Сара Назарбаеваның денсаулық жағдайына қатысты ақпарат берді, деп жазады Sadaq.kz.

Оның айтуынша, Сара Алпысқызы ауыр миокард инфарктін өткерген. 2025 жылдың сәуір айынан бастап Алматыдағы Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының Ұлттық госпиталінде (бұрынғы Совминка) ем қабылдаған.

Дәрігерлер оған ауыр қант диабеті аясында ишемиялық жүрек ауруы, жүрек пен өкпе жеткіліксіздігі, сондай-ақ үдемелі созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі диагнозын қойған.

Ұзақ уақыт бойы науқас жасанды тыныс алу аппаратына және гемодиализге қосылған.

«Жағдайының тұрақтануына байланысты ол биылғы жылдың қаңтар айында стационардан шығарылды. Қазіргі уақытта Сара Алпысқызы Алматыда үй жағдайында дәрігерлердің бақылауында», – делінген хабарламада.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0