Бірнеше кредиті бар адамдар қарызын бір өтінішпен реттей алады

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова бірнеше қарызды бірыңғай платформа арқылы реттеу жайында айтып берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Биыл маусымның соңында проблемалық кредиттерді реттеуге қатысты заңға қол қойылған болатын.
“Проблемалық қарыздар бойынша маңызды шаралар қарастырылған. Негізгі мақсат - берешекті тиімді қайта құрылымдау. Біз тиісті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдадық. Проблемалық қарызды ұжымдық реттеу тәртібі де бар. Бұл дегеніміз, бірнеше қаржы ұйымына барудың қажеті болмайды. Бірыңғай платформа болады. Сол арқылы өтініш жіберіп, проблемалық қарыздарды ұжымдық реттеуге мүмкіндік жасалады. Ал, ең бастысы, негізгі қарыздың сомасын төмендетуге міндет қойылады“,-деді Әбілқасымова журналистерге берген сұхбатында.
Оның айтуынша, осы өзгерістердің бәрі халықтың қарыз жүктемесін азайтуға бағытталған.
Сіздің реакцияңыз қандай?






