«Біз – көргенсіз халықпыз»: Белгілі әншінің сөзі желіде қызу талқыға түсіп жатыр

Дым көргеніміз жоқ.

Сәуір 18, 2024 - 13:44
 0  404
«Біз – көргенсіз халықпыз»: Белгілі әншінің сөзі желіде қызу талқыға түсіп жатыр
Фото: “Dopesoz” подкасты

Әнші Ғалымжан Молданазар “Dopesoz” подкастында қонақ болып, елдегі болып жатқан оқиғалар туралы ойын ортаға салды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Өнер иесіні білім мен тәрбие тақырыбын өрбітіп, ұлттық идеологияны қолға алу керектігін алға тартты.

“Елдегі болып жатқан оқиғалар адамды ойландырмай қоймайды. Сол үшін өзімді көп дүниеден шектеймін. Көріп, естіп, оқып отырып ашуланасың. Жек көріп кетесің. Біз – көргенсіз халықпыз. Дым көргеніміз жоқ. Халыққа у беріп, су десең, іше береді. Бір-бірін сыйлау, әдеп деген дүниелерден ажырап қалдық. Әдепті болайық, патриотизмді насихаттайық деп жұртқа айтсаң, күлкіге қаласың. Әдепсіз білімді адам бомба жасауы мүмкін. Әдепсіз білімді адам, білімсіз адамды қолданады. Оның ар-ұяты мазаламайды. Ешкімге жаны ашымайды. Ол үшін ұлттық идеологияны қолға алу керек”, – деді ол.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 2
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 1
😢 Қайғылы 1
😮 Жарайсың 0