Бойжеткен қайтыс болған сүйіктісінің мүрдесімен некеге тұрды

Желтоқсан 12, 2025 - 11:34
Желтоқсан 12, 2025 - 11:39
 0  2
Бойжеткен қайтыс болған сүйіктісінің мүрдесімен некеге тұрды
Фото: holod.media

Үндістанда Шекспирдің атақты "Ромео мен Джульетта" трагедиясын еске түсіретін қайғылы оқиға болды. Бойжеткен өз туыстарының қолынан қаза тапқан сүйіктісінің денесімен некелесу рәсімін жасады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Анчал Мамидвар және Тейт Сакшам атты қос ғашық болашағын бір-бірімен байланыстырып, үйленуді жоспарлаған еді. Алайда олардың жоспарларына Анчалдың отбасы қарсы шығады. Қақтығыстың негізгі себебі - діни сенімдердің айырмашылығы: Тейт буддист болса, қалыңдықтың отбасы индуизмді ұстанған.

Газета.Ru-дың мәліметінше, қыздың туыстары болашақ күйеу баласына бірнеше мәрте қоқан-лоққы көрсетіп, кейін күш қолдануға көшкен. Тейтті атып, басына бетон плитамен қатты соққы жасаған. Құқық қорғау органдары қылмысқа қатысы бар деп күдікке ілінгендердің барлығын қамауға алды.

Қайғылы оқиғадан кейін Анчал сүйіктісінің жерлеу рәсіміне келіп, онымен мәңгі бірге болу ниетімен символикалық некелесу жоралғысын жасады. Қазір ол қаза тапқан Тейттің отбасымен бірге тұрып жатыр және өз туыстарымен барлық байланысты толық үзген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0